Куәландыру туралы ақпарат (ҮСД)
Құрылғы радио толқындарының әсері нұсқауларына сәйкес келеді.
Сіздің мобильді құрылғы радио хабаршысы және радио қабылдағыш ретінде де қолданылады. Ол халықаралық
нұсқаулармен бекітілген радио толқындар әсері шектеуінен шықпайтындай етіліп жасақталған. Бұл ережелер ICNIRP
тәуелсіз ғылыми ұйымымен жетілдіріліген және барлық адамдарды жасына және денсаулығына қарамастан қорғауға
кепілдік беру үшін дайындалған қауіпсіздік шараларын қамтиды.
Мобильді құрылғы нұсқаулары Үлестік сіңіру деңгейі немесе ҮСД өлшем бірлігін қолданылады. ICNIRP бекіткен ҮСД
шектеуі дененің 10 грамы үшін 2,0 ватт/килограмм (Вт/кг) құрайды. ҮСД үшін тексерулер барлық тексерілген жиілік
Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат 131
белдеулеріндегі жоғарғы рұқсат етілген қуатты құрылғыға стандартты жұмыс күйін қолданады. Жұмыс үстіндегі
құрылғының ҮСД көрсеткіші ең жоғарғы дыбыс деңгейінен төмен болуы мүмкін, себебі құрылғы желіге жететін ғана
қажетті қуатты пайдаланады. Бұл мөлшер бірнеше факторларға, мысалы сіздің желі негізі бекетіне қаншалықты жақын
орналастыруыңызға байланысты өзгереді.
Құрылғыны құлаққа тигізіп пайдалануға арналған ICNIRP ережелері бойынша ең жоғарғы ҮСД мәні - 1,03 Вт/кг .
Құрылғының қосымша аспаптарын қолдану нәтижесінде әртүрлі ҮСД мәндері шығады. ҮСД мәндері мемлекеттік есеп
беру және тексеру талаптарына және желі таралымына тәуелді. ҮСД туралы қосымша мәліметті www.nokia.com веб-
торабындағы өнім ақпаратының ішінен табуға болады.