Қатынас кодтары
PIN немесе PIN2
коды
(4-8 сан)
бұлар SIM картаңызды рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды
немесе кейбір мүмкіндіктерді пайдалану үшін қажет.
Телефонды қосқан кезде PIN кодын сұрайтын етіп орнатуға
болады.
Кодтар картаңызбен бірге берілмеген болса немесе
оларды ұмытып қалсаңыз, қызмет провайдеріне
хабарласыңыз.
Кодты қатарынан үш рет қате енгізсеңіз, кодтың құлпын
PUK немесе PUK2 кодымен ашу қажет.
PUK немесе PUK2
коды
(8 сан)
Бұлар PIN немесе PIN2 кодының құлпын ашу үшін керек.
SIM картаңызбен берілмеген болса, қызмет провайдеріне
хабарласыңыз.
IMEI нөмір
(15 сан)
Бұл желідегі жарамды телефондарды анықтау үшін
қолданылады. Нөмірді, мысалы, ұрланған телефондарды
құлыптау үшін де пайдалануға болады. Сондай-ақ, нөмірді
Nokia Care қызметтеріне беруіңіз қажет болуы мүмкін.
IMEI нөмірін көру үшін *#06# нөмірін теріңіз.
Құлыптау коды
(қауіпсіздік коды)
(мин. 4 сан немесе
таңба)
Бұл телефонды рұқсатсыз пайдаланудан қорғауға
көмектеседі.
Телефонды өзіңіз анықтаған құлыптау кодын сұрайтын етіп
орнатуға болады.
Кодты құпия және қауіпсіз, телефоннан бөлек жерде
ұстаңыз.
Кодты ұмытып, құрылғыңыз құлыптанып қалса, телефонды
қызмет көрсету маманына көрсету қажет болады. Қосымша
ақы алынуы және бүкіл жеке деректеріңіз телефоннан
жойылуы мүмкін.
126 Қатынас кодтары
Қосымша ақпарат алу үшін Nokia Care орталығымен немесе
телефоныңыз дилерімен байланысыңыз.