Exchange ActiveSync туралы
>
Пошта
және
Жаңа пшт жәшігі
>
Exchange ActiveSync
тармақтарын
таңдаңыз.
Компьютердің алдында отырғанда да, телефонмен қозғалыста болғанда да
жұмыс поштасы, контактілер мен күнтізбенің әрдайым қол жетімді болуын
қалайсыз ба? Маңызды мазмұнды телефон мен Mail for Exchange сервері
арасында қадамдастыруға болады.
Mail for Exchange қолданбасын компанияда Microsoft Exchange сервері бар болған
жағдайда ғана орнатуға болады. Оған қоса, компанияның АТ әкімшісі есептік
жазбаңызға Microsoft Exchange ActiveSync мүмкіндігін қосып қоюы қажет.
58
Пошта
Бұл құрылғымен Microsoft Exchange ActiveSync мүмкіндігі бар серверлерге
қосылуға болады. Бұл құрылғыны иемденгеннен сізге құрылғы арқылы кіретін
сервер бағдарламалық құралына, сервер құрылғысына және бұл құрылғыдан
тыс Microsoft Exchange ActiveSync қызмет пайдалануға қатысты Microsoft
интеллектуалдық меншіктеріне ешқандай құқықтар берілмейді.
Mail for Exchange қолданбасын орнатпас бұрын, төмендегілердің бар екенін
тексеріңіз:
•
Корпоративтік пошта мекенжайы
•
Exchange серверінің атауы (компанияның АТ бөліміне хабарласыңыз)
•
Желілік домен аты (компанияның АТ бөліміне хабарласыңыз)
•
Кеңсе желісінің құпия сөзі
Компанияның Exchange сервер конфигурациясына байланысты, басқа да
мәліметтерді енгізу қажет болуы мүмкін. Егер дұрыс мәліметті білмесеңіз,
компанияның АТ бөліміне хабарласыңыз.
Mail for Exchange бағдарламасымен телефонның кілттеу кодын пайдалану
міндетті болуы мүмкін.
Mail for Exchange есептік жазбасын орнатқанда, анықталған аралықтарда
қадамдастыру автоматты түрде жүргізіледі. Тек есептік жазбаның орнатылуы
қадамдастырылғанда анықталатын мазмұн. Қосымша мазмұнды қадамдастыру
үшін, Mail for Exchange параметрлерін өзгертіңіз.