Nokia C6 01 - Телефонды желіден тыс пайдалану

background image

Телефонды желіден тыс пайдалану
Қоңырау шалу немесе қабылдауды қаламаған жерлерде, желіден тыс профилін

іске қосып, күнтізбеге, контактілер тізіміне және желіден тыс ойындарға қол

жеткізуге болады. Қалта телефонын қолдануға тыйым салынғанда немесе оны

қосу кедергілер мен қауіп-қатер тудырған жағдайда, телефонды өшіріңіз.

Қуат пернесін

басып тұрып,

Желіден тыс

пәрменін таңдаңыз.

Желіден тыс профилі іске қосылғанда, ұялы желімен байланыс тоқтатылады.

Телефон мен ұялы желі арасындағы барлық радио жиілік сигналдары

тоқтатылады. Хабарды жіберуге әрекет жасасаңыз, олар «Шығыс» қалтасына

орналастырылады және басқа профиль іске қосылғанда жіберіледі.

Сондай-ақ, телефонды SIM картасынсыз пайдалануға болады. Телефонды

өшіріп, SIM картасын шығарып алыңыз. Құрылғыны қайтадан қосқанда, желіден

тыс режимі іске қосылады.

Маңызды: Желіден тыс ешбір қоңырауды қабылдай алмайсыз не шала

алмайсыз болмаса ұялы желі аясын қажет ететін мүмкіндіктерді пайдалана

алмайсыз. Құрылғыда бағдарламаланған ресми төтенше жағдай қызметі нөміріне

қоңырау шалуға болады. Қоңыраулар шалу үшін, алдымен басқа бір режимге

ауысуыңыз керек.

Желіден тыс профиль іске қосылғанда, Wi-Fi желісіне қосылып, хаттарды оқу

немесе Интернетті шарлау сияқты әрекеттерді орындауға болады. Сондай-ақ,

Bluetooth байланысын пайдалануға болады.

Тиісті қауіпсіздік талаптарын қадағалауды ұмытпаңыз.

Негізгі қолданыс

29