Nokia C6 01 - Музыканы телефон мен компьютердің арасында қадамдастыру

background image

Музыканы телефон мен компьютердің арасында қадамдастыру
Компьютерде телефоннан тыңдағыңыз келетін музыка бар ма? Nokia Suite –

музыканы телефонға көшірудің ең оңай жолы және оны музыка жинақтарын

басқару және қадамдастыру үшін пайдалануға болады.

Музыка және дыбыс

81

background image

1 Үйлесімді USB кабелі арқылы телефонды үйлесімді компьютерге жалғаңыз.

Телефонға үйлесімді жад картасының салынғанын тексеріңіз.

2 Телефонда хабарландыру аймағынан төмен қарай жүргізіп өтіңіз де,

USB

>

Nokia Suite

тармағын таңдаңыз.

3 Компьютерде Nokia Suite бағдарламасын ашыңыз. Nokia Suite

бағдарламасының ең соңғы нұсқасы орнатылғанын тексеріңіз.

4 Музыканы телефонға сүйреп апарып тастаңыз. Қосымша ақпаратты Nokia

Suite анықтамасынан қараңыз.

5 Музыка ойнатқыш қолданбасында

>

Музыка жинағы

>

Жаңарту

белгішесін басыңыз.

Nokia Suite бағдарламасының соңғы нұсқасын www.nokia.com/support торабынан

жүктеп алыңыз.

Кейбір музыка файлдары сандық құқықтар басқармасымен (DRM) қорғалып, тек

бір құрылғыда ойнатылуы мүмкін.