Фотосуреттер мен бейнелерге орналасқан жер туралы ақпаратты сақтау
Егер нақты суретті немесе бейнені түсіргенде қайда болғаныңызды есіңізге
түсіргіңіз келсе, телефонды орналасқан жерді автоматты түрде жазып алуға
теңшеуге болады.
Камера пернесін басыңыз.
Егер орналасқан жеріңізді GPS немесе желілік әдістер арқылы анықтау мүмкін
болса, орналасқан жер туралы ақпарат фотосуретке немесе бейнеге қосылуы
мүмкін. Егер орналасқан жер ақпараты бар фотосуретті немесе бейнені
бөліссеңіз, орналасқан жер туралы ақпаратты фотосуретті немесе бейнені көріп
отырған кісілер де көре алуы мүмкін. Камера параметрлері арқылы геотег қосуды
ажыратуыңызға болады.
70
Камера
Орналасқан жерді жазуды қосу
> >
Орын ақпаратын сақтау
>
Иә
тармағын таңдаңыз.
Орналасқан жер деректерін алу үшін бірнеше минут кетеді.
GPS сигналдарының бар болуы мен сапасына орналасқан жеріңіз, жерсеріктердің
орны, ғимараттар, табиғи бөгеттер, ауа райы жағдайлары мен АҚШ өкіметі GPS
жерсеріктеріне енгізген өзгерістер әсер етуі мүмкін. GPS сигналдары
ғимараттардың ішінде немесе жер астында қабылданбауы мүмкін.
GPS құрылғысын нақты орналасқан жерді анықтау үшін пайдаланыбаңыз және
тек GPS құрылғысы мен ұялы желілер берген орналасқан жер туралы ақпаратқа
сенім арта бермеңіз.
Орналасқан жер көрсеткіштері:
— Орналасқан жер туралы ақпарат қол жетімді емес: Фотосуреттерге немесе
бейнелерге орналасқан жер туралы ақпаратты сақтау мүмкін емес.
— Орналасқан жер туралы ақпарат қол жетімді. Фотосуреттерге немесе
бейнелерге орналасқан жер туралы ақпаратты сақтауға болады.