Nokia C6 01 - Bluetooth көмегімен басқа құрылғыға сурет немесе басқа мазмұн жіберу

background image

Bluetooth көмегімен басқа құрылғыға сурет немесе басқа мазмұн жіберу
Bluetooth функциясының көмегімен досыңыздың үйлесімді құрылғысына немесе

компьютерге суреттерді, бейнелерді, мәлімет карталарын, күнтізбе жазбаларын

және басқа мазмұнды жіберуге болады.

Бірнеше Bluetooth байланысын бірге қолдана беруге болады. Мысалы, құрылғы

үйлесімді шағын гарнитураға жалғанған болса, сол кезде басқа үйлесімді

құрылғыға файлдар жіберуге болады.

1 Сурет сияқты бір элементті таңдап, ұстап тұрыңыз. Қалқымалы мәзірден

Жіберу

>

Bluetooth арқылы

опциясын таңдаңыз.

Байланыс 111

background image

2 Жалғанатын құрылғыны таңдаңыз. Керекті құрылғы көрсетілмесе, оны іздеу

үшін,

Басқа құрылғылар

тармағын таңдаңыз. Іздеу кезінде, байланыс

аясындағы Bluetooth құрылғылары көрсетіледі.

3 Басқа құрылғы талап етсе, рұқсат кодын енгізіңіз. Өзіңіз белгілейтін рұқсат

коды екі құрылғыда да енгізілуі тиіс. Кейбір құрылғыларда рұқсат коды

бекітілген болады. Толық ақпарат алу үшін, екінші құрылғының пайдаланушы

нұсқаулығын қараңыз.
Рұқсат коды тек ағымдағы байланыс үшін жарамды болады.